Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қауіпінің автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату бойынша пилоттық жоба басталды. Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары әзірлеген бұл жүйе мамандарға қауіпті қар көшкіні беткейлердің күйі туралы деректерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді. Алғашқы «ақылды» құрылғылар Глубокое ауданында орнатылуда.
Қар көшкінінің белсенділігін зерттеу және мониторинг жүйесін құру жобасы 2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті арқылы қаржыландырылды.
Жоба аясында облыстың әртүрлі аудандары бойынша қауіпті қар көшкіні учаскелердің жүйелендірілуі, қар өлшегіш маршруттардың әзірленуі және заманауи әдістер мен ГИС-технологиялары арқылы учаскелердің картографиялық түсірілімі жүзеге асырылды.
Жаңа жүйе нақты уақыт режимінде деректер жинауды, бейнебақылау жүргізуді және күрделі ауа райы жағдайларында да лавиналардың түсуін болжауды қамтамасыз етеді. Сарапшылар бұл жүйенің өңірдегі төтенше жағдайларды болдырмау шараларының тиімділігін арттыратынын атап өтуде.
ШҚТУ Шығыс Қазақстан облысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақты дамуына елеулі үлес қосып, озық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізуде.