Кездесу барысында тараптар кәсіптік және жоғары білім беру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Колледж түлектерінің ШҚТУ бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуын жалғастыруына, білім беру бағдарламаларын үйлестіруге және академиялық кредиттерді қайта есептеуге ерекше назар аударылды.

Ынтымақтастықты автоматтандыру және жабдықтар өндірісі, көлік машинасын жасау, ақпараттық технологиялар, құрылыс, медициналық инженерия, экономика және басқару бағыттары бойынша дамыту жоспарлануда. Сондай-ақ тараптар білім беру ресурстарымен алмасуға, оқу-әдістемелік материалдар әзірлеуге, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға және Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжаттар оқу жоспарлары мен силлабустармен алмасуды, бірлескен жұмыс тобын құруды және келісілген білім беру траекторияларын әзірлеуді көздейді.

Сапар аясында Қытай делегациясы ШҚТУ-дың оқу және ғылыми зертханаларын, бейінді білім беру орталықтарын және Лу Бань шеберханасын аралады.

Кездесу екі оқу орны арасындағы серіктестікті нығайтудағы маңызды қадам болып, бірлескен білім беру жобаларын іске асыруға негіз қалады.