ШҚТУ-да жоғары оқу орнының 65 жылдық мерейтойына арналған халықаралық «Простор» Жазғы Кампусын қайта жаңғырту байқауы мәресіне таяп қалды.

Естеріңізге сала кетейік, байқаудың мақсаты - Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында орналасқан «Простор» жазғы экспедициялық кампусын дамытуға кешенді шешімдер қабылдау болатын. Жазғы қалашықтың заман сұранысына сай болуы, халықаралық дамудың есепке алынуы, нысанның экологиялық әлеуетін сақтау жағдайына ерекше ден қойылғанын да хабарлаймыз.

Бүгін жобалармен танысуды бастаған халықаралық әділ қазылар мүшелерінің жиналысы өтті. Құзыретті және кәсіби қазылар алқасының құрамына шетелдік серіктес ЖОО, конкурсты бірлесіп ұйымдастырушылар – жаңа сәулет және дизайн мектебінің (АҚШ) өкілдері кірді: Daniela Deutsch-сәулет бағдарламасының жетекшісі, Philipp Bosshart - профессор ассистенті; серіктес кәсіпорындардың өкілдері: KAZGOR бас сәулетшісі, ҚР Сәулетшілер одағының басқарма мүшесі, ҚР Сәулетшілер одағы жанындағы сәулетшілер Жас клубының жетекшісі - Антон Федянин, "Архимас" ЖШС директоры, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі - Глеб Трашков; ЖОО өкілдері: ШҚТУ Сәулет және құрылыс мектебі қауымдастырылған профессоры ЖАК доценті, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі, ҚР құрметті сәулетшісі, ҚР Мәдениет қайраткері-Михаил Козлов, ЖОО түлегі және қазіргі магистрант - Тахир Мукин және қазылар алқасының төрағасы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ КеАҚ Басқарма Төрағасы Ректор - Сәуле Рахметуллина.

Ақтық финалға 12 үздік жоба өтіп, әділ қазылар мүшелері оның ішіндегі ең үздігін анықтау үстінде!