Биыл қаңтар айында Үндістан Республикасы үкіметінің шақыруымен ШҚТУ әскери кафедрасының студенттері жастар ынтымақтастығы бағдарламасына қатысты. Олар Нью-Дели және Аджра қалаларына барып, NCC Кадет Корпусының концертіне қатысты. NCC Бас қолбасшысымен, Үндістан Республикасының Қорғаныс министрі Ракша Мантримен кездесті.
ШҚТУ Үндістан жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықта. Қазір Бомбей Үндістан технология университетімен өзара іс әрекеттестік бойынша бағдарлама дайындалу үстінде.
Бүгін Басқарма Төрағасы Ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы мен Әскери кафедра бастығы Олег Манцуров, Интернацияландыру және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Таир Мухамадиев Қазақстандағы Үндістан Елшілігінің Әскери Атташесі Дхирадж Раманандпен онлайн режимде жүздесті.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың келесі қадамдары талқыланды. Кездесу соңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Үндістан Ұлттық Кадет Корпусы арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.
Мамыр айының басында Үндістан Кадет Корпусының делегациясы ШҚТУ-ға келуді жоспарлап отыр.