27 наурыз күні Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да саяси қызметкер, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі экс-төрағасы Қадыржан Қабдошұлы Дамитовпен кездесу аясында дөңгелек үстел өтті.
Танымал қаржы маманы студенттермен және ШҚТУ қызметкерлерімен кездесіп, Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің профессорлық оқытушы құрамымен академиялық және ғылыми ынтымақтастық турасында тәжірибесімен бөлісті.
Кәсіпкерлік және бизнес мектебінің деканы Закимова Альфия Манарбекқызының алғы сөзімен басталған дөңгелек үстелде Қадыржан Қабдошұлының Қазақстан экономикасын қалыптастыруда қосқан үлесі ерекше бағаланды. Интерактивті форматта өткен кездесуде жоғары лауазымды қонақ студенттердің Қазақстанның қазіргі экономикасына, ҚР Ұлттық Банкінің даму тарихынжағы елеулі сәттер туралы көптеген сұрақтарға жауап берді. Қаржы маманы өзінің кәсіби жолы, ҚР экономика және сауда вице-министрлігі, ҚР Премьер-министрі кеңесшісі, ҚР Ұлттық банкі Төрағасы қызметі туралы баяндады.
Қадыржан Қабдошұлы жастарға «Санды танып, жаттау керегін, мұның барлығы тиісті үрдістерді бақылауға мүмкіндік беретіні» туралы кеңесін айтты.
Дөңгелек үстел жайлы әңгімелермен басталып, тыңдаушылар тарапынан үлкен разылықпен аяқталды.