Наурыз мейрамын тойлау аясында Өскемен қаласының бас алаңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлерімен ерекше VR киіз үй тігілді.
Виртуалды киіз үй концепциясының таңдалуы бекер емес. ІТ технологиялардың даму ғасырында дәстүрімізді ұмытпай алға жылжуымыз керек.
Көшпенді халқымыздың үйін заманауи технологиялармен жабдықтадық. Қонақтар тек қазақ ұлттық аспазынан дәм татып қоймай, виртуалды шындықпен Ұлы қазақ даласына саяхатқа шықты.