Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ медициналық техникалардың күтімін қамтамасыз ететін инженерлерді даярлайды. Өскемен қалалық №4 Қалалық ауруханасының Бас Дәрігері Попов Сергей Александрович «Медициналық инжиниринг» оқу бағдарламасын дамытуға мүдделі.

Оқу бағдарламасы жаңа және болашағы зор. Күн ара жетіліп тұратын технологиялар сапалы күтімді талап етеді. Бас дәрігер студенттердің қалалық ауруханада тәжірибеден өтіп, қызметтік бағдарламаларға сараптамалар жүргізуге ұсыныс білдіріп отыр. Сол сияқты, Автоматтандыру және мехатроника саласындағы технологиялар трансфері және құзіреттілік орталығы зертханасын медициналық технологиямен жабдықтауға қолғабыс жасалмақ.

Қалалық аурахана өкілдері VERITAS Жетістіктер орталғының Прототиптеу секторындағы медициналық импланттар даярлау жобасымен танысып, ерекше қызығушылық білдірді. Нәтижесінде қала және облыс ауруханалары мұқтаж болып отырған медициналық заттарды даярлау бойынша ынтымақтастық туралы ұсыныс айтылды.

Кездесу соңында екі тарап болашаққа көзделген жоспарларды бекітіп, меморандумға қол қойды.