Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Ядролық физика институты ұйымдастырған «Қазақстанда ядролық энергетиканы дамыту: сын-қатерлер, перспективалар және халықаралық ынтымақтастық» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – атом энергетикасын дамытудың өзекті мәселелері мен бағыттарын талқылау. Атап айтқанда, ядролық қауіпсіздік, технологиялық шешімдер, кадр даярлау, қоғамның қабылдауы және халықаралық әріптестік мәселелері көтерілді.

Жиында мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, жетекші техникалық университеттердің және салалық ұйымдардың өкілдері болды. Күн тәртібінде келесі тақырыптар қарастырылды:

  • Бейбіт мақсатта атом энергиясын пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясат;
  • Ядролық технологиялардың қауіпсіздігі және орнықты даму;
  • Кадр даярлау және ғылыми-білім беру экожүйелерін қалыптастыру;
  • Қазақстанда АЭС салу жоспарлары мен инфрақұрылымды дамыту.

ШҚТУ басқарма төрағасы – ректор Сауле Жадыгерқызы Рахметуллина атом энергетикасы саласындағы мамандарды даярлау бойынша университеттің ұстанымдарын баяндады. Ол инженерлік білім беруді жаңғырту, ғылым мен өндірістің байланысын нығайту, сондай-ақ төмен көміртекті экономика жағдайында сұранысқа ие құзыреттерді дамыту қажеттігін атап өтті.

2024 жылы қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум аясында ШҚТУ мен Ядролық физика институты білім және ғылым салаларында бірлесіп жұмыс істеуде. Бұл – тәжірибе алмасуды, бірлескен ғылыми зерттеулер мен кәсіби іс-шараларға қатысуды қамтиды.

Кездесуде ядролық кластер құру, кадр даярлау тәжірибесі және ғылым, білім мен мемлекеттің өзара ашық диалогы жөніндегі пікірталастар тудырды.