2025 жылғы 19 маусымда жоғары білім беру саласындағы әлемдік нарықты талдауға маманданған Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық аналитикалық агенттігі жыл сайын жариялайтын ең беделді академиялық рейтингтердің бірі – QS World University Rankings 2026 нәтижелері жарияланды.

Биыл әлемнің 106 елінен 8467 университет қатысып (2024 жылы – 5663), олардың 1501-і үздік университеттер қатарына енді (2024 жылы – 1503).

Осы жылы рейтингке 20 қазақстандық жоғары оқу орны енді, оның ішінде үш жаңа университет бар – Шәкәрім университеті, Қозыбаев университеті және Есенов университеті. Құттықтаймыз!

ШҚТУ QS WUR рейтингінің барлық көрсеткіштері бойынша өз позициясын жақсартты. Әсіресе мына көрсеткіштерде айтарлықтай өсім байқалады:

  • Жұмыс берушілер арасындағы бедел – 7,7-ден 18,2-ге дейін;
  • Тұрақты даму – 1,3-тен 31-ге дейін;
  • Оқытушылар мен студенттер қатынасы – 64,2-ден 75,9-ға дейін;
  • Шетелдік оқытушылар үлесі – 14,4-тен 23,7-ге дейін.

Бәсекелестік күрт артқанына қарамастан, ВКТУ қатарынан үшінші жыл осы рейтингте жоғары позицияны сақтап отыр және Қазақстандық университеттер арасында 10-орынды иеленіп келеді. Әлемдік рейтингте университет #1001–1200 диапазонына еніп, нақты 1018-орынға жайғасты. Сонымен қатар, ВКТУ оқытушылар мен студенттер арақатынасы мен шетелдік оқытушылар үлесі бойынша әлемдік орташа көрсеткіштерден жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Халықаралық рейтингтердегі мұндай беделді позициялар ШҚТУ-дың білім беру, ғылым және халықаралық әріптестік бағыттарындағы жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер әлемдік мойындауға, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жаһандық жобаларға қатысу мүмкіндіктеріне, университет имиджін нығайтуға, сондай-ақ өңір мен елдің дамуына үлес қосуға септігін тигізеді.

Жоғары нәтижелер мен халықаралық мойындаумен барлық ұжымды және серіктестерімізді құттықтаймыз!