Әлемдік университеттер рейтингін ұйымдастыратын QS Quacquarelli Symonds компаниясы мен ҚР ЖОО Ректорлар кеңесімен құрылған «BILIM DAMU» ЖОО Консорциумы өзара келісімге қол қойды.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткен шараға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма Төрағасы-ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы да қатысты. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Басқарушы компания ретінде консорциум мүддесіне өкілдік етеді.
Шараға QS Quacquarelli Symonds негізін қалаушы Нунцио Квакварелли мен консорциумға мүше ЖОО ректорлары қатысты.
Бұл келісім ел білімі мен ғылымының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін нығайтып, университеттердің халықаралық танымалдығын өсіріп және ұлттық білімнің шетелде беделін арттыруға бағытталған.
Кездесу барысында Нунцио Квакварелли QS Asia University Rankings 2023 үздік Азия университеттерінің көрсеткішіндегі Қазақстандық жоғары оқу орындарының нәтижесі туралы ақпаратпен бөлісті. QS Asia University Rankings 2023 биыл QS EECA рейтінгін ауыстырды.
ШҚТУ Азия университеттері көрсеткішінде 301-350 орында көрінді. Бұл көрсеткіш бойынша ШҚТУ әлемдік QS WUR университеттері рейтингінде бірнеше Қазақстандық жоғары оқу орындарын басып озғанын мәлімдейді.