ҚР Білім және ғылым министрлігінің "ЖОО-ға шетелдік мамандарды тарту жөніндегі" Ұлттық бағдарламасы аясында және бекітілген жоспарға сәйкес шетелдік ғалым Конурин Антон Игоревич, техника ғылымдарының кандидаты, Н.А. Чинкала атындағы тау-кен ісі институты Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімі Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым институтының аға ғылыми қызметкері, (Новосибирск қаласы, РФ), Scopus бойынша Хирш индексі = 5, 21-МОП-2 тобының магистранттарына «Химиялық байыту» пәні бойынша 45 сағат көлемінде онлайн дәріс оқыды.