20 тамызда запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын меңгерген және емтихан тапсырған Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың 342 студенті салтанатты түрде әскери кафедраның шеру алаңында әскери ант берді.

Іс-шараға ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, студенттердің ата-аналары мен туыстары қатысты.

Әскери ант - болашақ Отан қорғаушының серті. Оның әрбір сөзі әскери қызметшіге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғауда ел, халық және үкімет алдындағы ең үлкен жауапкершілігін еске салады.

Ант қабылдау барысында студенттер әскери борышын өтеуде үлгілі қызмет етуге жоғары міндеттеме алды.

Соңында студенттердің ата-аналары мен туыстарына әскери кафедраның зертханалары мен сыныптарына экскурсия ұйымдастырылып, қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілері таныстырылды.