8-наурыз Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғарғы IT колледжінің "Жас сарбаздар» клубы қыздарының арасында Ұлы жеңістің 80- жылдығына орай Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұдова мен Мәншүк Маметованы еске алуда "Ал кәнеки, қыздар" атты әскери-патриоттық сайыс өтті. Сайысқа 9 қыз қатысты. Сайыста саптық пәрмендерді орындау, Калашников автоматын уақытқа жартылай бөлшектеп қайта жинаудан, оқжатарды жабдықтаудан, пневматикалық винтовка атудан, және қол өнер мен шығармашылық өнерлерін көрсетті.

Әділ қазылар алқасы ның әділ шешімдеріне сәйкес 1-орынды Мадикенова Толғанай "Батыр қыз" номанацисына ие болды. 2-орын Сағатбекова Шұғыла, 3-ші орынды Каматаева Милана иеленді. "Ал кәнеки қыздар " атты әскери патриоттық сайысты Д.Серикбаева атындағы ШҚТУ Жоғарғы IT Колледждінің АӘТД пәнін оқытушы-ұйымдастырушысы майор Егембердинов Т.М. өткізді.