Д. Серікбаев атындғы ШҚТУ-да еріктілер қозғалысын дамыту маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Covid -19 пандемиясынан туындаған күрделі жағдайда еріктілер белгілі бір қиындықтарды бастан кешіруде. Сондықтан, қазіргі уақытта еріктілер қозғалысын дамытудың жаңа тәсілдерін іздеу қажет.

Университетте еріктілер қозғалысын одан әрі ілгерілету және оны насихаттау мақсатында Әлеуметтік және азаматтық даму басқармасының қызметкері Василий Хван "Достықтың жол картасы" акциясы аясында ұйымдастырылған "Бір шаңырақ астында" семинар-тренингіне қатысты. Тренингтің өтуіне ШҚО Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы мұрындық болды. Мұнда өңірлік волонтерлік, әлеуметтік жобалар мен гранттар, сондай-ақ жастар ұйымдарын әлеуметтік желілерде ақпараттық қолдау мәселелері қаралды. Іс-шара барысында волонтерлер команда құру, көшбасшылық дағдыларды дамыту бойынша ақпарат алып, волонтерліктің артықшылықтары мен перспективалары жайында білді.

- Мұндай іс-шаралар волонтерлік қозғалыс саласында сыртқы әріптестермен, қоғамдық ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) ынтымақтастықты жақсартуға ықпал етеді. Бұл ШҚТУ еріктілері қызметін кеңейтуге мүмкіндік береді, - дейді Василий Хван.