Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Басқарма отырысы өтті. Жиынға университеттің проректорлары, декандар, құрылымдық бөлімшелер мен құзырет орталықтарының жетекшілері қатысты.

Отырыстың басты тақырыптарының бірі – 2024–2026 жылдарға арналған ПЦФ (прикладные научные исследования) аясында жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалардың барысы болды. Жоба жетекшілері өз баяндамаларында есеп беру, қол жеткізілген нәтижелер және туындап отырған мәселелер бойынша ақпарат ұсынды:

  • ШҚО-дағы тау-металлургия саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-технологиялық жобаны Кожахметов Е.А. таныстырды.
  • ҚР өңдеу өнеркәсібіне арналған технологиялар мен материалдарды әзірлеу бойынша жобаны Курбанбеков Ш.Р., жауапты орындаушы Кожахметов Е.А. баяндады.
  • Медициналық мақсаттағы отандық құралдар өндірісі бойынша жобаны Азаматов Б.Н. таныстырды.
  • Метал өңдеу өнеркәсібіне арналған беткі қабатты өңдеу технологияларын жасау жобасын Баятанова Л.Б. ұсынды.
  • Жаңа буын медициналық импланттарға арналған инновациялық материалдар мен технологияларды әзірлеу бойынша жоба Кеңесбеков А.Б. тарапынан баяндалды.
  • Сонымен қатар, отырыс барысында Цифрлық университет бағыты бойынша Улан Еренгалиевич Несипкалиев пен Наталья Федоровна Денисова цифрлық трансформация үдерістері жайлы баяндама жасады.
  • Әскери кафедраның қызметі туралы Манцуров Олег Александрович мәлімет беріп, ағымдағы оқыту процесі мен жоспарланған іс-шаралар таныстырылды.

Университет мектептерінде атаулы аудиториялар ашу мәселесі де күн тәртібіне қойылып, бұл бойынша мектеп декандарының ұсыныстары тыңдалды.

Студенттер мен шетелдік студенттерді қабылдау барысы жөнінде Дауылбаева Әсел Советбекқызы, сондай-ақ декандар мен халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Сарсембаева Арайлы Алибековна апта сайынғы есеп берді.

Отырыс барысында бірқатар университет қызметкерлері мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды:

  • ЦТжЖИМ ассоциирленген профессоры Кумаргажанова С. «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды,
  • ал БМ ассоциирленген профессоры Варавин Е. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.