Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың бас оқу ғимаратында студенттердің  Шығыс Қазақстан облысы соттар әкімшілігінің өкілі ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстар бөлімінің басшысы Анар Зарыкбековамен кездесуі өтті. Іс-шараға сондай-ақ ШҚМТУ  Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму басқармасының меңгерушісі Маншук Байзелдинова  қатысты.

Кездесу барысында Анар Зарыкбекова сот жүйесінде заманауи технологияларды енгізу туралы және электрондық сот ісін ілгері дамыту үшін  қандай шаралар қолданып  жатқандықтары жайында әңгімеледі.

– «Төрелiк» жаңа ақпараттық жүйесі сот қызметіне енгiзiлді», - деп атап өтті ол. – Бұл жүйенің артықшылығы, ол Интернет желісі арқылы  жұмыс істейді және пайдаланушылар үшін оңтайландырылған.