2024 жылдың 20 наурызында Бизнес мектебінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы оқытушылары философия ғылымдарының докторы, И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, Үлкен Алтай кешенді зерттеулер институтының директоры Шишин Михаил Юрьевичпен сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және саяси қайраткері, ШҚО мәслихатының экс-хатшысы Василий Иванович Ахаевпен кездесті.

Университет басшылығы, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор - Конурбаева Ж.Т. шақырылған қонақты университеттің ғылыми орталықтарымен, мұражайымен таныстырды.

Кафедра оқытушылары және кафедраның «Алтын бесік - Мұзтау» студенттік өлкетану клубының студенттері Ресей суретшілер одағының мүшесі, өнертанушы профессор Михаил Юрьевичтің Еуразия кескіндеме шеберлерінің бірегей туындылары туралы берген мәліметтеріне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, «Біздің ортақ үйіміз Алтай» халықаралық үйлестіру кеңесінің сарапшысы болып табылатын М.Ю. Шишин және В.И. Ахаев жақын арадағы ХҮК (халықаралық үйлестіруші кеңес) жобалар туралы айтып берді.

Өткен жылдары профессор Шишин біздің ЖОО-да «Шақырылған профессор» бағдарламасы бойынша жұмыс істеді, «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы бойынша магистранттарға дәріс оқыды.

Кездесу барысында кафедра оқытушылары ғылыми ынтымақтастық мәселелерін бойынша сұрақтарды талқылады.