Бүгін 2024 жылы 23 сәуірде «Мансап күні» аясында «Су ресурстары және суды пайдалану», «Инженерлік жүйелер мен желілер» білім беру бағдарламаларының түлектері жұмыс берушілермен кездесті.

Леонтьева Светлана Анатольевна - «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» РММ Өскемен аумақтық бөлімі және ҚР табиғи ресурстары Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша басшысы түлектерге өз кәсіпорны туралы, жұмыстың ерекшелігі, еңбек жағдайлары және қызметкерлерге ұсынылатын әлеуметтік пакет туралы айтып берді.

Кездесуге «VK DEVELOPMENT GROUP» ЖШС ірі құрылыс компаниясының өкілі де қатысты. Компания азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс саласындағы маңызды жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Түлектерге жылыту, желдету, сумен қамту және канализация саласындағы жас маман үшін практикадан өту кезінде тәжірибе жинақтау, кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылды.

Кездесу барысында студенттер көптеген сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды, ал жұмыс берушілер су саласының болашақ мамандарымен бетпе бет сөйлесу мүмкіндігіне ие болды.