"Атамекен" ҰКП өткізген ҚР жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингі жарияланды. Рейтингте ШҚТУ-дың 25 білім беру бағдарламасы ұйымдастырылды. Еліміздегі үздік 5-ке біздің бағдарламалардың 13 (52%) кірді.

  • 1 орында - Құрылғы жасау; Жер құрылымы; Көлік құрылысы;
  • 2 орында - Машина жасау; Орман ресурстары; Су ресурстары;
  • 3 орында - Геология және пайдалы қазбаларды барлау; Ақпараттық жүйелер; Транспорт, көліктік техника және технологиялар;
  • 4 орында - Металлургия; Жылу энергетикасы;
  • 5 орында - Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.

Сонымен қатар, бұл рейтингте университеттің 7 оқу бағдарламасы 6-дан 10-шы орынға дейінгі орындарды иеленіп отыр. Олар: Тау-кен ісі; Есеп және аудит; Электроэнергетика; Геодезия және картография; Сәулет; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.

Қорытындылайтын болсақ, үздік 10 орынға 20 оқу бағдарламасы кірді. Бұл Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ білім бағыттарының 80 пайызын құрайды.

Айтулы рейтинг тек университеттің ғана емес, оқытушыларының жетістігін растайды. Жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігіне қызмет етіп, жетістіктерін бекіте түскен ұжымға алғыс айтамыз.