Біздің колледж дәстүрлер біртұтас мәдени кеңістікте тоғысқан ауқымды іс-шараның бір бөлігіне айналды. Студенттеріміз бен оқытушыларымыз іс-шараға белсене қатысып, өз алаңын «ҚАЛЫНДЫҚ АУЫЛЫ» ретінде ұсынып, мерекенің жалпы атмосферасына үлес қосты. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау және насихаттауға ерекше көңіл бөлінді.
Колледждің 1ОД1к тобының студенттері қазақтың ұлттық «Сырға салу» дәстүрін көрсетіп, оның мәні, символикасы және өткізілу ерекшеліктерімен таныстырды. Қонақтар дәстүрмен жақынырақ танысып, сұрақтар қойып, ұлттық мәдениеттің атмосферасын сезіне алды.
Сондай-ақ 3ОД1к, 4ОД1к және 5ОД1к топтарының студенттері іс-шараға ұлттық киімде қатысып, мерекенің жалпы рухы мен бірлігін қолдады.
1ОД1к тобының кураторы Ракишева А.Н.-ға «Сырға салу» дәстүрін ұйымдастыруы, дайындауы және іс-шараны сәтті өткізуге қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Мұндай іс-шаралар мәдени мұраға деген қызығушылықты арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтады және еркін қарым-қатынасқа мүмкіндік береді.
DIGITAL NAURYZ - бұл жай ғана мереке емес, бұл адамдарды біріктіре отырып, мәдени құндылықтарды сақтап, оларды болашақ ұрпаққа жеткізу мүмкіндігі.


