Бүгін ШҚТУ-да Түлектер жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға біздің облыстың, Алматы және Қарағанды қалаларының 100-ден астам кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Қонақтар "Pro инженерлер" көрмесінде болып, білім беру бағдарламаларымен танысып, түлектердің түйіндеме жинағына қол жеткізді. Мектеп декандары студенттерді оқытатын мамандықтарды таныстырды, ал үздік жоғары курс студенттері өз жетістіктерімен бөлісіп, жұмыс берушілердің назарына бірінші болып түсті.

ШҚТУ студенттерінің көбі тәжірибе өткен соң, жұмысқа бірдең орналасады. Олар осындай бірегей мүмкіндікті тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламаларының арқасында алады. Көптеген ББ тікелей кәсіпорындармен бірлесе жасақталады және белгілі бір компания үшін кадрлар даярлауға бағытталған.

Бүгін «Білім және мансап» интерактивті алаңдар жұмысы аясында түлектер болашақ жұмыс берушілермен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды. Мектептер бойынша дөңгелек үстелдер, «сұрақ-жауап» форматында кездесулер және сұхбаттасу ұйымдастырылды.