ШҚТУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті.
Іс-шарада ҚР Білім және ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін ЖОО-ның бірқатар қызметкерлері марапатқа ие болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай денсаулық және спорт орталығының басшысы Болатбек Айшабекұлы Даумов және экономика ғылымдарының докторы, бизнес және кәсіпкерлік мектебінің аға оқытушысы Елена Анатольевна Колос естелік медальмен наградталды.
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы үшін білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Қоңырбаева Жадыра Түсіпқанқызы, Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебінің қауымдастырылған профессоры Серая Наталья Владимировна, Атом және дәстүрлі энергетика технологиялары мектебінің деканы Сегеда Тамара Александровна, сонымен қатар, жоғары мектеп мамандарын даярлауға қосқан үлесі үшін машина жасау Мектебі деканының орынбасары Самат Рақымғалиұлы Байгереев, металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебінің аға оқытушысы Ольга Анатольевна Петрова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты марапаттаудан кейін ЖОО шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «30 жыл: Бір ел - бір тағдыр» атты мерекелік концерт өтті.
Айта кету керек, Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында ШҚТУ-да ұсақты-ірілі 30 іс - шара ұйымдастырылды. Республика көлемінде дебаттық турнир, «Инженер-гуманист-қазіргі заман талабы» олимпиадасы, көрмелер, квест ойындары, ашық танымдық сабақтар және т.б. шаралар өткізілді.