2021 жылдың 14 желтоқсанында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шараны педагог Мукашева Г.Ж. ұйымдастыруымен өткізілді.

Концерттің салтанатты бөлімінде колледж директоры Солтанбекова Ш.О. ұстаздар мен студенттерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Шараға 1 курс студенттері қатысты. 6-ОД-1к тобының студенті Қуанғазы Темерлан «Мен қазақпын!» әнін, Сагиева Карина (3-ОД-1п тобы) «Алтын бесік» әнін орындады. Смайылов Алмас (4-ОД-1б) пен Ерболатұлы Арсен (8-ОД-1қ) халықтың азаттық арманын, қоғамдық мүдделер қақтығысына қарсылығын жеткізіп, асқақтататын «Адай» күйін тарту етті. Ахметгалиева Алтынай (7-ОД-1к) Ләззат Асанованың «Анама хат» монологын оқыды. Концерттік бағдарламаның финалында 6-ОД-1к тобының студенттері дарынды ақын Е.Баятұлының сөзіне жазылған композитор Қ.Қалқатаев «Алға, Қазақстан!» патриоттық әнін Елтаев Мадияр, Қуанқазы Темерлан, Қамзин Қасым, Назарханов Дарын орындады. Камалбеков Әнуардың (7-ОД-1к) арқасында концерттік бағдарлама бейнеролик - тарихи оқиғалармен сүйемелденіп, қысқа мерзімде Қазақстан тарихы көрсетілді.

Көрермен ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін көріп, тарихтағы басты белестерді, Қазақстанның тәуелсіздік жолында жүріп өткен жолын еске алды.