«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да маңызды кездесу өтті. Іс-шарада Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Мұзтауов Жандос Баурланұлы және «ESBOL QORY» өңірлік фронт-офисінің жетекшісі Төлеубекова Ляйля сөз сөйледі.

Дәріс «Дропперлік: қылмыстық схемаларға тартылу қаупі және құқықтық жауапкершілік» тақырыбына арналды. Сондай-ақ қаржылық пирамидаларға, интернет-алаяқтыққа, заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл, интернет-гигиена қағидаларын сақтау, есірткіге тәуелділік және «закладчик» мәселелері талқыланды.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жаңа ақпарат алды және жастар арасында аталған мәселелермен күресуге үлес қосу үшін еріктілер қатарына қосылу мүмкіндігіне ие болды.