2026 жылғы 6 ақпанда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жанындағы Диссертациялық кеңесте 8D06101 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған диссертациялық жұмыстардың қорғауы сәтті өтті.

Отырыс барысында университеттің Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі базасында орындалған екі диссертациялық жұмыс таныстырылып, сәтті қорғалды.

Четтыкбаев Руслан Қайратұлы«Маусымдық тасқындар кезіндегі аумақтардың су басуын болжауға арналған ақпараттық-талдамалық жүйе» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғады.

Ғылыми кеңесшілері:

  • Денисова Наталья Федоровна, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің цифрлық офицері;
  • Хакимзянов Гаяз Салимович, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ақпараттық және есептеу технологиялары федералдық зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері (Новосибирск қ., Ресей Федерациясы).

Танкибаева Акерке Қыдырбекқызы «Магниттік-резонанстық томография кескіндерінде анатомиялық құрылымдарды бөліп көрсетуге арналған ақпараттық технология» тақырыбында диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.

Ғылыми кеңесшілері:

  • Құмарғажанова Сәуле Құмарғажанқызы, техника ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің профессоры;
  • Zbigniew Omiotek, dr hab. inż., Люблин техникалық университетінің электротехника және информатика факультетінің қауымдастырылған профессоры (Люблин қ., Польша).

Өткізілген қорғаулар докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін, ұсынылған тақырыптардың өзектілігін және «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми кадрлар даярлаудың тиімділігін көрсетті.

Докторанттар мен олардың ғылыми кеңесшілерін диссертацияларын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!

Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің берілгенін растайтын құжаттарды жуық арада алуларына, алдағы ғылыми жетістіктерге, кәсіби өсуге, ғылыми жобаларды табысты іске асыруға және ғылыми-білім беру ортасында жаңа табыстарға жетулеріне тілектеспіз.