27 ақпанда Қазақстандық қоғамдық даму институты базасында жұмыс істейтін «SARAP» сарапшылар клубының отырысы өтті. Кездесудің тақырыбы: «Конституция және өмір сапасы: реформалардың әлеуметтік әсерін қалай өлшеуге болады?»

«Отбасы мен мемлекеттегі жаңа ұрпақты саяси әлеуметтендіру» хабарламасымен «Digital Social Research» ХҒЗО ғыны, әлеуметтік ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Элеонора Столярова сөз сөйледі.

Жалпы талқылауға сондай-ақ мынадай мәселелер шығарылды:

  • Қазақстандағы әлеуметтік мемлекеттің конституциялық қағидаты азаматтардың өмір сүру сапасын нақты арттыратын және мемлекет пен қоғам арасындағы жауапты өзара іс-қимылды қалыптастыратын әлеуметтік реформаларға қаншалықты ықпал етеді?
  • Әлеуметтік мемлекеттің конституциялық қағидаты тұрғысынан реформалардың өмір сапасына әсерін қалай бағалауға болады және олардың тиімділігін айқындау үшін қандай индикаторларды пайдалану керек?

Сарапшылар Қазақстанның даму үдерістерін көрсететін өз индекстерін әзірлеу қажеттілігі және лонгитюдтік зерттеулерді ұйымдастыру арқылы әлеуметтік ақпаратты жинақтаудың маңыздылығы туралы бірқатар пікірлер айтты.

Іс-шараға қатысу АР26198919 жобасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады, Қазақстандық отбасы қоғамдық қатынастар жүйесінде: жаңғырту жағдайындағы институционааралық өзара іс-қимылдың әлеуеті мен проблемалары (2025–2027).

ХҒЗО «DSR»