Құрметті талапкерлер! ШҚТУ 2022-2023 оқу жылына арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен конкурстық негізде білім беру грантын алуға өтініштер қабылдайтынын жариялайды. Білім беру грантын (әкімінің гранты) тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 10-15 тамыз аралығында қабылданады.

Іріктеу кезінде үміткердің ҰБТ нәтижесіне басты назар аударылады:

«Бизнес, басқару және құқық», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» мамандықтары бойынша - кемінде 50 балл.

Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет. Блім беру бағдарламалары топтарының тізбесін бекітілген суреттерден көре аласыз.