«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ және «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ «2022 жыл – Балалар жылы» аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауын ұйымдастыруда.

Байқауға қатысушылар: қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосуды мақсат еткен 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер.

Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта проза жанрында ертегілер және шағын әңгімелер бағыты бойынша бақ сынайды.

Байқаудың мерзімдері:

  • Байқауға қатысушы үміткерлер өздерінің шығармаларын altyn.saqa01@gmail.com, altyn.saqa01@mail.ru, balalarbaikaui@gmail.com электронды пошталарына 2022 жылғы 19 тамызға дейін (қоса алғанда) жеке мәліметтерді толтырып (1-қосымша) жолдауы қажет;
  • Байқау шығармалары – 2022 жылғы 31 тамызға дейін қазылар алқасының сараптамасынан өтеді;
  • Байқау қорытындысы – 2022 жылғы қыркүйек айында жарияланады;
  • Байқау қорытындысы бойынша 2 бағытта жинақталған барлық шығармалар іріктеліп, жинақ ретінде 2022 жылғы қараша айында басылып шығады.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Жеңімпаздар екі бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлығымен (номинациялармен) марапатталады. Марапаттау рәсімі 2022 жылғы қыркүйек-қазан айларында өтеді.

Байқау туралы толық ақпаратты www.ruh.kz, www.adebiportal.kz сайттарынан алуға болады.

Байқау туралы сұрақтар бойынша байланыс тел.: +7 (72 72) 261 6295, 272 6193. Ұялы тел.: +7 775 846 3705, +7 702 697 8598, +7 775 657 7838, +7 707 133 7899.

«Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауы ережесі