Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Сәтті жаңғырту – болашаққа бастар жол» атты ұранмен «Студенттік көктем - 2017».

25 сәуір ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің «FTB» шығармашыл ұжымы көрермендерге шығармашылық қабілеттері мен таланттарын ұсынды.

Аталмыш ұжым кеш бағдарламасын «Жайдарман» әзілінен бастады. Ары қарай кеш халық биімен, қазақтың ұлттық аспаптары мен скрипкада ойнаумен, Отанға деген сүйінспеншілікті көрсететін өлеңдермен, музыкалық-поэтикалық композициялармен жалғасты . Кеш көрерменге керемет әсер қалдыратын заманауи бимен әрленді.  «FTB» шығармашылық ұжымы  осы кеште жоғпры дайындық пен талантты әрі бірегей екендігін көрсетті.

«Студенттік көктем - 2017» ары қарай жалғасуда. Келесі кезек – жер туралды ғылымдар факультетінің шығармашылық тобы дайындаған концерттік бағдарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 27 сәуір сағат 18.00 мен 20.00 аралығында университет сайтының бастапқы бетінде "Көрермен көзайымы жеңімпазы" номинациясына үздік факультетті таңдау үшін онлайн-дауыс беру өтеді.       

28 сәуір күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ шығармашыл жастары V-ші облыстық  «Студенттік көктем» фестиваліне қатысады, ол Семей қаласында үш номинация бойынша өтеді: «Үздік шығармашылық бағдарлама», «Үздік креативті алаң», «СМС-дауыс беру: «Жастар таңдауы». Қымбатты достар, дауыс беруде белсенді ат салысуларыңызды сұраймыз, Сіздердің дауыстарыңыз маңызды! Естеріңізге сала кетейік, ШҚМТУ шығармашылық тобы 4 облыстық фестиваль жеңімпазы.    

Жанат Намысбаева,  Алмаз Кабдрахманов