Биылғы оқу жылында Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің студенті Ақпараттық технологиялар саласындағы «IT-Планета 2016/17», Халықаралық олимпиадасының іріктеу кезеңдеріне қатысты. Бұл олимпиада аясында АКТ саласындағы ең озық бағыттары бойынша конкурстар өтеді.

Конкурстарды ұйымдастырушалыр ретінде үлкен халықаралық компаниялар шығады: AT Consulting – ИТ-олимпиаданың басты серіктесі, Intel, Oracle,  ,  CiscoHuaweiInterSystemsСКБ, КонтурГНУ/Линуксцентр.

Жалпы алғанда іріктеу кезеңдеріне 12 елден 17000 нан астам студенттер мен дорломы бар жас мамандар қатысты. Сарапшылар ретінде ұйымдастырушы-компаниялардың мамандары, сонымен қатар жергілікті және аймақтық мамандандырылған компаниялар мен мекемелердің мамандары болды.

Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің магистранты Артем Карпец Ақпараттық технологиялар саласындағы «IT-Планета X» Халықаралық олимпиадасының екі кезеңінің қатал іріктеуінен өтіп, қазақстандық қатысушылар арасында 1 орынға ие болды.

СКБ «Контур» компаниясының эгидасымен (қамқорлығымен) өткізілген «Бағдарламалау: C#» конкурсы хаттамасындағы 532 қорытынды балы нәтижесі Артемге 6500 қатысушылар арасынан 12 орынға ие болып және олимпиада финалына жолдама алуды қамтамасыз етті.

АКТ саласындағы Х Халықаралық олимпиаданың финалы маусым айының 2сі мен 5і аралығында Сочи қаласындағы Ресей халықаралық олимпиадалық университетте өтеді.

Финалға Ресей, Белорусия, Украина, Қазақстан, Армения және Өзбекстаннан жасы 26 дейінгі 350 астам жас ИТ-мамандар қатысады.

Артемге сәттілік тілейміз!