Қалыптасқан дәстүр бойынша Д.Серікбав атындағы ШҚМТУ ұжымы 22 сәуір күні сенбілікке шықты.Ауа-райы ашық болып, университет ұжымы университет аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
- Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс, - деп есептейді университет қызметкерлері. – Сенбілік қызметкерлер арасында жұмыстан тыс әнгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Бұрыннан белгілі, ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі