ШҚО-да үш тілділікті дамытуға бойынша 2016-2020 жылдарға арналған кешендік жоспарға және  «Үш тілділік - ШҚМТУ-дағы 2016-2019 жылдарға арналған табыс формуласы» жобасына сәйкес, ағылшын тілі оқытушыларының кәсіби және әдістемелік компетенцияларын көтеру жүргізілуде.   ШҚМТУ – университет-форум, оқытушылардың кәсіби және халықаралық байланысуы  үшін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім мен ғылыми зерттеулерді таратудың  алаңшасы.

Осы идеяны жүзеге асырудың бірден-бір шарасы 20 сәуір күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да өткізілген  ШҚО университеттері мен мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған облыстық семинары. Семинар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ , InterPress(Казахстан) компаниясы,  Оксфорд Университеті мен  Оксфорд (Великобритания) баспасының бірлескен жұмысы. 250 ден аса мұғалімдер мен оқытушылар семинарға қатысып, ағылшын тілін оқыту барысындағы заманауи белсенді сұрақтарды көтеріп, пәндерді ағылшын тілінде оқыту мен ағылшын тілінен емтихандарға дайындық мәселелері бойынша талқылау жүргізді.

Шақыртылған лектор, ағылшын тілін меңгеру бойынша оқулықтар авторы, тренер, белгілі ғалым– Золтан  Резмувез сөз сөйледі. Әріптестермен бірлесе отырып  Achieve, Straight to Advanced, Project, Think and Citizen Z оқулықтары жасалынып, басылып шығарылды.