Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың бас оқу ғимаратында «Пайдалы демалыс» жобасының тыңдаушылары үшін «Крокодил» интеллектуалды ойыны өткізілді. Іс-шараны топ тәлімгерлері ұйымдастырды.

Ойын бірнеше кезеңнен тұрды: қарапайым сөздерді, әртүрлі кейіпкерлерді табу, музыкалық кезең және т.б.

Қатысушылар ойынның күрделілігін бірінші тапсырмалардан-ақ сезінді. Ойын тапсырмалары оларға өздерінің көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік берді, себебі ойынға қатысу үшін батылдық, тапқырлық, команданы жинақтай білу, дұрыс стратегия таңдау және команда мүшелерінің таланттарын тани білу сынды қабілеттер қажет етілді.

Ойынға ең күрделі міндеттерді шешугде белсенділік таныта білген 8 топ қатысты. Жеңімпаз командалар тәтті сыйлықтармен, университет логотипі бейнеленген блокноттар және дипломдармен марапатталды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ  Баспасөз Қызметі