4 маусымда ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов қатысты. Сессия отырысы өңірлік ассамблеяның төрағасы, облыс әкімі Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өтті. Сессия жұмысына ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Достық үйлерінің, этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық институттарының директорлары қатысты.

Іс-шара соңында Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсеткен ҚХА мүшелерін, еріктілер мен меценаттарды алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.

Марапатталғандардың қатарында Александр Николаевич Алексеенко - тарих ғылымдарының докторы, "Digital Social Research" ХҒЗО-ың жетекші ғылыми қызметкері, көптеген жылдар бойы Қазақстанда ұлтаралық келісімді нығайтуға, тұрақтылық пен азаматтық бейбітшілікті сақтауға елеулі үлес қосып келеді.

https://assembly.kz/ru/news/proshla-xxx-sessiya-assamblei-naroda-kazakhstana-vko/

«DSR» ХҒЗО