Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасы курсанттарының оқу-жаттығу жиындары да мәресіне жетті. Дәстүр бойынша олар түлектердің өз күштерімен ұйымдастырылған әскери-патриоттық әндер байқауымен аяқталды. Байқау университеттің акт залында өтті. Концертте қонақтар, студенттердің жақындары мен туыстары болды.  Байқаудың әділ-қазылар алқасы тәуелсіз өкілдерден құралды.    

Байқауда әскери кафедраның үш циклінен құралған курсанттан тобы қатысты. Олар: жалпы әскери даярлық циклі, бронетанктік техниканың базалық машиналарын жөндеу және пайдалану циклі мен «мотоатқыштармен», «танкистермен», «автомобилисттермен» деп аталатын автокөлік техникасын жөндеу және пайдалану циклі.

Әскери-патриоттық әндер байқауы Әскери-патриоттық әндер байқауы

Байқаудың өзі бірнеше номинациялар енгізілді, атап айтсақ, командаларды таныстыру, жүргізушілердің (ведущие) байқауы, музыкалық-аспаптық композиция, әзіл репризасы, поэзиялық оқулар және де әскери-патриоттық әндерді ең үздік орындау.

Аталған байқауда көбіміз күтпеген курсанттардың әртістік және вокалдық қабілеттері ашылып, жан-жақты танылып жатты. Әсіресе, автомобилисттің орындауындағы әзіл-ысқақ нөмірі жақсы шықты. Жалпы әскери даярлау курсанттарының патриоттық бағыттағы әндері Жоғары көркем деңгейде орындалды. Ал, поэзиялық оқуларда танкисттерге сай келер ешкім болмады.

Концерт жоғары деңгейде өтті. Жалпы, әскери-патриоттық әндер байқауы сәтті өтіп, әділ-қазылар алқасы орын алған командаларға өз шешімдерін шығармас бұрын ұзақ уағдаласты.  

Әділ-қазылар алқасының қорытынды шешімі төмендегідей болды:

I орын – «Автомобиль техникасын жөндеу және пайдалану» циклі,

II орын – жалпы әскери даярлау циклінің командасы, 

III место – бронетанктік техниканың базалық машиналарын жөндеу және пайдалану циклінің командасы.

Сондай-ақ, ерекше көзге түскен командалар мен курсанттарға мадақтама қағаздары мен кубоктар тапсырылып, өткізілген жиынның қорытындысы шығарылды. 

Соңында, әскерика кафедра басшысы полковник Олег Манцуров барлық түлектерді әскери кафедрадағы оқуларының аяқталуымен құттықтап, өмірде және оқуда табыс пен сәттілік тіледі.