Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов Қазақстан-Венгрлық ректорлар форумы аясында Обуда университетіне жолықты. Сапар барысында тараптар инновациялық білім беру бағдарламаларын бірлесіп дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, роботтандырылған жүйелер және тіршілікті қамтамасыз етудің интеллектуалдық жүйесі мәселелері. Университет зертханаларымен танысып, бірлескен ғылыми зерттеулердің перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ Жасұлан Шаймарданов Будапешт технология және экономика университетіне жолығып, академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі