Будапешт қаласында Қазақстан мен Венгрия университеттерінің ректорларының форумы басталды. Аталмыш іс-шара екі күнге созылмақ. Форум барысында жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.
Екі мемлекеттің жоғары оқу орындарының басшыларының кездесуі білім беру қоғамдастығының қарым-қатынастарын нығайтады және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлкен мән бермек.
Сандық технологиялар, энергетика, көлік және логистика, туризм және спорт саласындағы бірлескен жобаларды дамыту негізгі басымдыққа ие салалардың бірі болып табылмақ.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының басшылары өздерінің жоғары оқу орындарын таныстырды. Өз кезегінде, венгр әріптестері білім беру мен ғылымдағы инновациялық үрдістер туралы хабарлады. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры заманауи университеттерді жаһандық сын-тегеурін тұрғысынан таныстырып, форум қатысушыларына ілгері даму жолдарын көрсету арқылы қызығушылықтарын оятты.
Форум барысында Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ және Obuda университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі