2017 жылы 26 мамырда Стратегиялық даму және мониторинг департаменті «Халықаралық вебометрикс рейтингінде университеттің көрсеткішін көтеру» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ брэндін халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде алға ілгерілетуге ықпал ететін іс-шараларды түсіндіру болды. Мәселені талқылау барысында университеттің имиджін қалыптастыру құралы ретінде әлеуметтік желілерді пайдалану ұсынылды. Сондай-ақ семинарда, баспалар деректер базасында профильдер құру мәселесі қарастырылды.