Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да 6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша) мамандығы бойынша Адиканова Салтанаттың «Атмосфераның автокөліктерден ластануын модельдеуге арналған ақпараттық жүйе құру» тақырыбындағы PhD философия докторы дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында орындалды. Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
- Денисова Наталья Федоровна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, АТД директоры – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ақпараттандыру бойынша проректоры, Өскемен қаласы, Қазақстан;
- Малгаждаров Ержан Амангазынович - техника ғылымдарының кандидаты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Аспаптар жасау және технологиялық үрдістерді автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі, Өскемен қаласы, Қазақстан;
- Вуйцик Вальдемар - техника ғылымдарының докторы, профессор, Люблин техникалық университеті, Люблин, Польша.
Рецензенттер:
- Тен Татьяна Леонидовна – техника ғылымдарының докторы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің профессоры, мамандық 05.13.01;
- Абдолдина Фарида Наурызбаевна – техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің акпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты директорының орынбасары, мамандық 05.13.18.
Қорғау 2018 жылдың 9 қарашасында, сағат 16.00-де Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде келесі мекенжайы бойынша өтеді: 070004, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19, Ақпараттық технологиялар мектебі, Г1-139.
Сайт адресі:www.ektu.kz, e-mail: [email protected]
Бірінші отандық ғылыми кеңесшінің пікірі
Екінші отандық ғылыми кеңесшінің пікірі
Шетелдік ғылыми кеңесшінің пікірі
Жариялау күні: 09.10.2018
Жариялау күні: 15.11.2018