Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетінде  6D070300 – «Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Бугубаева  Алина Жанатбековнаның «Атмосфералық ластану мониторинг жүйесі үшін деректерді интеллектуалды талдау әдістері мен алгоритмдері» тақырыбындағы диссертациясын қорғау өткізіледі.

Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар және интеллектуалдық жүйелер мектебі базасында орындалды.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Рахметуллина Сауле Жадыгеровна – т.ғ.к., қауымдастырылған профессоры, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Басқарма мүшесі – даму стратегиясы бойынша проректоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
  2. Wójcik Waldemar – dr hab. inż., Люблин  политехникалық университетінің профессоры, Люблин қ., Польша.

Рецензенттер:

  1. Ускенбаева Раиса Кабиевна – т.ғ.д., профессор, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университетінің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры, Алматы қ., Казақстан Республикасы (мамандық шифры: 05.13.11 – Есептеуіш машиналарды, кешендерді және компьютерлік желілерді математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету). Рецензенттің докторанттың зерттеу саласында 5-тен (бестен) астам ғылыми мақалалары бар.
  2. Мансурова Мадина Есимхановна – ф.-м.ғ.к., доцент, «Жасанды интеллект және Big data» кафедрасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Казақстан Республикасы (мамандық шифры:  01.01.10 – Басқарылатын жүйелердің математикалық теориясы). Рецензенттің докторанттың зерттеу саласында 5-тен (бестен) астам ғылыми мақаласы бар.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  • Абдолдина Фарида Наурузбаевна – т.ғ.к., «Компьютерлік инженерия» кафедрасының ассистент-профессоры, академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің әдістемелік бөлімінің бастығы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы қ., Казақстан Республикасы (мамандық шифры: 05.13.18 – Математикалық үлгілеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені). Хирш индексі - 3;
  • Аманжолова Сауле Токсановна – т.ғ.к., «Компьютерлік инженерия және ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының ассистент-профессоры, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы қ., Казақстан Республикасы (мамандық шифры: 05.13.01 – Жүйені талдау, басқару және ақпаратты өңдеу). Хирш индексі - 3;
  • Ахметова Жанар Жумановна – философия докторы PhD, ақпараттық технологиялар факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы (мамандық шифры: 6D070300 – Ақпараттық жүйелер). Хирш индексі - 3;
  • Жукабаева Тамара Кокеновна – философия докторы PhD, Ақпараттық технологиялар факультетінің «Есептеу техникасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы (мамандық шифры: 6D075100 – Информатика, есептеуіш техника және басқару). Хирш индексі - 4;
  • Икласова Кайнижамал Есимсеитовна – философия докторы PhD, Инженерлік және цифрлық технологиялар факультеті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының доценті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Петропавл қ., Қазақстан Республикасы (мамандық шифры: 6D075100 – Информатика, есептеуіш техника және басқару). Хирш индексі – 3.

Қорғау 2022 жылдың 11 сәуіріңда сағат 14:00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «6D070200 – Автоматтандыру және басқару» және «6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді. Мекен-жайы: 070004, Өскемен қ., Серікбаев көш., 19, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар және интеллектуалдық жүйелер мектебі, Г1-115 ауд.

Сайт адресі: www.ektu.kz. e-mail: [email protected].

Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/84549458415?pwd=cjBPbE1lZmZJSW9rbFB5V1JMTkRDUT09.

Конференция идентификаторы: 845 4945 8415

Қатынасу  коды: 626208


Диссертация

Аңдапта

Аннотация

Abstract

Ғылыми еңбектер тізімі

Ғылыми жетекші пікірі

Ғылыми жетекші пікірі

Этикалық комиссияның қорытындысы

Сын-пікір 1

Сын-пікір 2

Бейресми пікір жазу

Жариялау күні: 09.03.2022


Қорғаудың бейнежазбасы

Жариялау күні: 15.04.2022

Хабарландырулар тізімiне қайта оралу