Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жанынан құрылған D090 – Физика: 8D05301– 6D072300 Техникалық физика бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде 6D072300 – «Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Амангелді Нұрмұханбетұлы Сағидұғұмардың «Биомедициналық қолдануға арналған кальций фосфат негізіндегі композициялық материалдар мен жабындардың физикалық қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертация «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ физика кафедрасы базасында орындалды.
Қорғау тілі: орысша.
Ғылыми кеңесшілер:
- Аманжол Тұрлыбекұлы – PhD, Назарбаев Университетінің «National Laboratory Astana» жеке мекемесінің озық сенсорлар зертханасының аға ғылыми қызметкері, Астана қ., Қазақстан Республикасы;
- Погребняк Александр Дмитриевич – физика-математика ғылымдарының докторы, Сумы мемлекеттік университетінің профессоры, Сума қ., Украина.
Ресми рецензенттер:
- Скаков Мажын Канапинович - физика-математика ғылымдарының докторы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің физика және технологиялар кафедрасының профессоры, Өскемен қ. Қазақстан (мамандық шифрі: 01.04.07 – Физика).
- Мамаева Аксауле Алиповна - физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің жанындағы «Металлургия және кен байыту институты» АҚ металтану зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. (мамандық шифрі: 01.04.07 – Конденсирленген күй физикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Әмитов Ернар Таңирбергенұлы – PhD, Г.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті электр энергетикалық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
- Жукешов Ануар Муратович – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының профессоры, Алматы қ. Қазақстан Республикасы;
- Зейниденов Асылбек Қалкенұлы – PhD, қауымдастырылған профессор Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің физика-техникалық факультетінің деканы, Карағанды қ. Қазақстан Республикасы;
- Белисарова Фарида Бексултановна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедра меңгерушісінің орынбасары, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Қорғау 2023 жылдың 19 шілде күні сағат 12:00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің D090 – Физика: 8D05301– 6D072300 Техникалық физика бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді. Мекен-жайы: Өскемен қ., Серікбаев к., 19, Г1-115 аудитория.
Сайт адресі: www.ektu.kz
ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі:
https://us02web.zoom.us/j/88547552450?pwd=UUc4WDdpdEYrSGltSGllNnFmYjBkUT09
Конференция идентификаторы: 885 4755 2450
Кіру коды: 006443
Этикалық комиссияның қорытындысы
Жариялау күні: 19.06.2023
Жариялау күні: 11.07.2023
Жариялау күні: 20.07.2023