Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетінде 8D06101 - «Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша «философия докторы» (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Сейтахметова Жанат Маратовнаның «Дербестендірілген оқытуды қолдауға арналған цифрлық құзыреттілік моделі негізіндегі ақпараттық технология» тақырыбындағы диссертациясын қорғау өткізіледі.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: орыс.
Диссертация Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар және интеллектуалдық жүйелер мектебі базасында орындалды.
Ғылыми кеңесшілер:
Кумаргажанова С.К. – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Ақпараттық технологиялар және интеллектуалдық жүйелер мектебінің деканы, «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ, Өскемен қ., Қазақстан;
Бобров Л.К. – т.ғ.д., Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару университетінің қолданбалы информатика кафедрасының профессоры, Новосибирск қ., Ресей.
Рецензенты:
1. Бекманова Гульмира Тылеубердиевна – 05.13.11 – Есептеу машиналары, кешендері және компьютерлік желілерді математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша т.ғ.к., 05.13.00 – Информатика, есептеу техникасы және басқару мамандығы бойынша PhD, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сандық даму және қашықтықтан оқыту департаментінің директоры, Астана қ., Қазақстан. Рецензенттің докторанттың зерттеу саласында 5-тен (бестен) астам ғылыми мақаласы бар.
2. Копеев Жанат Бактжанович – 6D011100 – Информатика мамандығы бойынша PhD, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы, Астана қ., Қазақстан. Рецензенттің докторанттың зерттеу саласында 5-тен (бестен) астам ғылыми мақаласы бар.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Ускенбаева Раиса Кабиевна – т.ғ.д., профессор, 05.13.11 – Есептеу машиналары, кешендері және компьютерлік желілерді математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету, Satpayev University Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының директоры, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі – 8.
Дайнеко Евгения Александровна – PhD, доцент, 05.13.00 – Информатика, есептеу техникасы және басқару мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ғылыми және халықаралық қызмет жөніндегі проректоры, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі – 7.
Барлыбаев Алибек Бактыбаевич – 6D060200 – Информатика мамандығы бойынша PhD, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы, Астана қ., Қазақстан. Хирш индексі – 5.
Икласова Кайнижамал Есимсеитовна – 6D075100–Информатика, есептеу техникасы және басқару мамандығы бойынша PhD, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының доценті, Петропавл қ., Қазақстан. Хирш индексі – 3.
Қорғау 2022 жылдың 23 желтоқсанында сағат 15:00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің D094 - «Ақпараттық технологиялар»: 8D06101 – «Ақпараттық жүйелер» дайындық бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Мекен-жайы: Өскемен қ., Серікбаев к. 19, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар және интеллектуалдық жүйелер мектебі, Г1-115 аудиториясы.
Сайт адресі: www.ektu.kz
Zoom конференциясына сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/88412179551?pwd=WWdPZUR5QzZhOXlsTW94SkJ0Wmx5Zz09
Конференция идентификаторы: 884 1217 9551
Кіру коды: 973265
Этикалық комиссияның қорытындысы
Жариялау күні: 22.11.2022
Жариялау күні: 12.12.2022
Жариялау күні: 26.12.2022