Конкурс атауы: Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды 2023-2025 жж. гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың атауы.
Жоба жетекшісінің: Денисова Наталья Федоровна, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Идентификаторлар:
- Researcher ID: O-9637-2017;
- Scopus Author ID: 56825891300;
- ORCID ID: 0000-0003-0525-730X
Жобаның зерттеу тобы
№ | ТАӘ | Жоба бойынша лауазымы | Идентификаторлар (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері |
---|---|---|---|
1 |
Денисова Наталья Федоровна |
Жоба жетекшісі |
Scopus Author ID 56825891300, |
2 |
Тлебалдинова Айжан Солтангалиевна | Жетекші ғылыми қызметкер |
Scopus Author ID: 56825933500 |
3 |
Апаев Курмаш Сарсембаевич | Ғылыми қызметкер |
Scopus Author ID: 57184396000 |
4 |
Зуев Виталий Николаевич | Кіші ғылыми қызметкер | Scopus Author ID: 57353009600 |
5 | Четтыкбаев Руслан Кайратович | Кіші ғылыми қызметкер | ORCID: 0000-0003-3822-9882 Scopus Author ID: 56658674500 |
6 |
Мұратұлы Дидар | Бағдарламашы | Scopus Author ID 58045474900 |
7 |
Дёмина Ирина Александровна | Ғылыми қызметкер |
Scopus Author ID 57457109200, |
8 |
Жұмабек Еламан Серікұлы | Бағдарламашы | |
9 |
Кенжахметов Ерасыл Кенжахметұлы | Бағдарламашы | |
10 |
Құсманов Ернар Мейрханұлы | Инженер |
Жобаның аңдатпасы:
Өзектілігі. Университет аумағында жоғары технологиялық ортаны қалыптастыру университеттің инновациялық экожүйесінің тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлардың бірі болып табылады. Университеттер дамуының және цифрлық экожүйені қалыптастырудың қазіргі кезеңінде ақылды кеңістік технологиялары қарқынды дамып келеді. Университеттің цифрлық экожүйе моделін кең мағынада қарастыратын болсақ, онда ол ақылды кампус цифрлық қызметтерін қамтуы керек.
Жобаның негізгі идеясы – университеттің біртұтас экожүйесін құру аясында ақылды кампус цифрлық қызметтерін дамыту. Ақылды кампус цифрлық қызметтері студенттер мен университет қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оқу нәтижелерін бағалаудың тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған.
Жобаның шешуге бағытталған басты мәселесі – «Ақылды кампус» концепциясын құру мәселесі, атап айтқанда, қауіпсіздік қызметтерін дамыту, оның аясында «ұқсастық бойынша» әріптер мен нөмірлерді тану міндеттері қарастырылған. Көлік құралдарының және «жалған тұлғалардың» бақылау жүйесіне биометриялық қолжетімділік мәселесі шешілетін болады. Мәселе нақты уақыттағы технологиялық процестерді математикалық модельдеу әдістерін, адаптивті басқару алгоритмдерін, сонымен қатар компьютерлік көру, үлгіні тану және нейрондық желілер саласындағы алгоритмдерді қолдану арқылы шешілетін болады.
Негізгі зерттеу әдістері: компьютерлік көру әдістері, нақты уақыттағы технологиялық процестерді математикалық модельдеу әдістері, адаптивті басқару алгоритмдері, жоғары өнімді жүйелерді жобалау әдістері.
Нәтижелердің көлемі мен мақсатты тұтынушылары: білім беру, смарт үй, ақылды қала жүйелері, адам көп жиналатын орындар, автотұрақтар, жанармай құю станциялары, автотұрақтар.
Жобаның мақсаты:
Компьютерлік көру технологиялары мен IoT негізінде интеллектуалды қызметтерді дамыту арқылы оның сапалы түрленуін қамтамасыз ету үшін университеттің жаңа смарт-инфрақұрылымын қалыптастыру.
Жобаның күтілетін нәтижелері және алынған нәтижелері:
Жылы | Зерттеу бойынша алынған нәтижелері. Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат |
---|---|
2023 жыл |
Жоғары оқу орнының цифрлық экожүйесі бойынша пайдаланушылардың 3 санаты (білім алушылар, профессорлық-оқутышылар құрамы және бағдарламалық жасақтама әзірлеушілер) үшін On-Line сауалнамалар әзірленді. Сауалнама 3 университетте жүргізілді: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақстан-Американдық еркін университеті. Сауалнамаға 723 респондент қатысты. Жоғары оқу орнының Smart-инфрақұрылымының концепциясы әзірленді. Университеттің Smart-инфрақұрылымы эталондық моделінің ғылыми-әдістемелік негіздемесі әзірленді. Университеттердің Smart-инфрақұрылымдарының 2 сызбасы ұсынылған. Зерттеу нәтижелері екі халықаралық конференцияларда ұсынылды:
|
2024 жыл |
«Қауіпсіз университет» зияткерлік сервисінің құрылымы және сервис жұмысының алгоритмі әзірленді. Сервис мыналарды қамтиды: қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесімен (ҚББЖ) біріктірілген тану сервисі; «Ақылды тұрақ» сервисі; емтихандарда білім алушылардың мінез-құлқын тану сервисі (прокторинг). «Ақылды тұрақ» автоматтандырылған зияткерлік сервисі әзірленді. «Ақылды тұрақ» зияткерлік сервисі үшін «жазылуы ұқсас» әріптер мен сандарды (O-Q, Z-2, S-5,) тану мәселелерін шешу алгоритмдері жасалды. ҚББЖ үшін сәйкестендіруді орындау кезінде жалпақ фотосуреттерді пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын сенсордың алдына виртуалды нысан құймасы жасалған. Медиадеректер негізінде емтихан тапсыру процесіне білім алушылардың қатысуын айқындайтын білім алушының мінез-құлқын талдау алгоритмдері әзірленді. Прокторинг кезінде бұзушылықтарды анықтау уақытының алгоритмі әзірленді. "Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" КЕАҚ-да 8D06101 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мұратұлы Дидардың "Бейнематериалдарды талдау негізінде субъектінің мінез-құлық моделін құру мен верификациялаудың ақпараттық талдау жүйесін әзірлеу" тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғалды. |
2025 жыл |
Сақталған медиа деректері негізінде студенттердің емтихан тапсыру процесіне қатысуын анықтау үшін студенттің мінез-құлқын талдау алгоритмдері әзірленеді. |