Конкурсатауы: Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен "Жас ғалым" жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асырылуда.
Жоба жетекшісінің: Ғабдысалық Риза, PhD докторы, қауымдастырылған профессор.
Идентификаторлар:
- Scopus Author ID: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57204686650,
- ORCID ID: https://orcid.org/0000-0001-9184-0897,
- Web of Science Researcher ID: AAS-1592-2020, DWF-6516-2022.
Жобаның зерттеу тобы
№ | ТАӘ | Жоба бойынша лауазымы | Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері |
---|---|---|---|
1 |
Ғабдысалық Риза |
Жоба жетекшісі |
Scopus Author ID: 57204686650, |
2 | Шеров Карибек Тагаевич | Постдокторант-тың отандық ғылыми кеңес-шісі |
Scopus Author ID: 55330253200, |
Жобаның аңдатпасы:
Құбыр арматурасын шығаратын отандық кәсіпорындардың жағдайын зерттей келе, құбыр арматурасының ішінде шибер ысырмалары конструкциясы өндірістегі ең күрделі және еңбексыйымдылығы жоғары бұйым етені анықталды. Сенімді пайдалануды және қажетті жұмыс қорын қамтамасыз ететін жоғары пайдалану сипаттамалары бар ысырмалардың үйкелетін тығыздағыш беттері үшін тозуға төзімді құрылымдық материалдарды пайдалана отырып, жоғары технологиялық параметрлері бар құбыр арматурасын дайындау өзекті болып табылады.
Бекіту арматурасының істен шығуының 50%-дан астамы қарқынды коррозиялық-эрозиялық тозу салдарынан тығыздағыш беттердің бұзылуымен байланысты. Бұл ретте ысырманы жөндеу құны ысырманы жөндеудің жалпы құнының 30-50% құрайды. Тығыздағыш беттердің жабысуы және бекіту арматурасының жауапты сәтте істен шығуы одан да қауіпті. Жоба осы мәселелерді шешуге бағытталған.
Жобаның мақсаты: кейіннен механикалық және термиялық өңделетін түйісетін бөлшектердің тығыздағыш беттерінің тозуға төзімділігін балқыту арқылы арттыру.
Жобаның күтілетін және алынған нәтижелері:
Жылы | Зерттеу бойынша алынған нәтижелері. Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат |
---|---|
2024 жыл |
1. Түйісетін бөлшектердің тығыздағыш беттерінің тозуға төзімділігін қамтамасыз ету мәселесін, оларды дайындау мен құрастыруға қатысты өндіріс талаптарын зерттеу. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті «Инженерия және инженерлік іс» бағыты бойынша ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынған басылымдарға кіретін «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы» журналында 1 мақала жарияланды. |
2025 жыл |
3. Түрлі режимдерде әртүрлі материалдардан балқытылған бөлшектердің тығыздағыш беттерін балқыту процесін эксперименттік зерттеу. Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартилді немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша процентилі кемінде 50 болатын журналда мақала жарияланады. |
2026 жыл |
6. Әр түрлі балқыту материалдардан балқытылған бөлшектердің беттерін термиялық өңдеу. Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартилді немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша процентилі кемінде 50 болатын журналда мақала жарияланады. |
Инфографика