Бағдарлама іске асырылатын байқау атауы: 2024-2026 жылдарға арналған жас ғалымдар жобасы бойынша «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру байқауы..

Жоба жетекшісінің: Байгереев Самат Ракимгалиевич, PhD докторы.

 

Идентификаторлар:

  • Индекс Хирша - 3,
  • ORCID ID: 0000-0002-7773-5457,
  • Scopus Author ID: 57208088625.

Жобаның зерттеу тобы

ТАӘ Жоба бойынша қызметі Идентификаторлар (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID) және тиісті профильдерге сілтемелер

1.

Байгереев Самат Ракимгалиевич

Жоба жетекшісі

ORCID = 0000-0002-7773-5457,
Scopus Author ID = 57208088625.

2.

Гурьянов Георгий Александрович

Ғылыми кеңесші

ORCID = 0000-0003-3657-3735,
Scopus Author ID = 57194057085.

Жобаның аннотациясы

Қазіргі уақытта материалдарды ұсақтаудың энергия үнемдеу тиімділігін арттыру көптеген өндіріс салалары үшін өзекті мәселе болып табылады (тау-кен, химия, тамақ, құрылыс және т.б.). Ұсақтаудың негізгі мәселесі – бұл процеске жоғары энергия шығынының қажеттілігі. Бұл ұсақтау кезінде материал бөлшектерінің беріктігінің артуына байланысты энергия шығынын көбейту қажеттігін тудырады. Осыған байланысты, жоба энергия шығынын азайтатын жаңа ұсақтау әдісін әзірлеуге бағытталған.

Жобаның мақсаты

Материалдарды ұсақтаудың энергия үнемдейтін әдісін әзірлеу, ол процестің энергия тұтынуын 20%-ға азайтуға және ұсақтау деңгейін 5 мкм-ге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Жобаның күтілетін және алынған нәтижелері

Жылы

Зерттеу бойынша алынған нәтижелері.
Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат

2024 жыл

Нарықта бар ұсақтау диірмендерінің конструкциялары талданды, патенттік талдау жүргізілді, бар бұзу әдістері зерттелді, материалдарды ұсақтау бойынша зерттеулер сарапталды, қолданыстағы ұсақтау теориялары қарастырылып, талданды, материалдарды ұсақтаудың жаңа әдісі әзірленді, ұсақтау процесінің математикалық моделі жасалды, конструкциялық, технологиялық және пайдалану құжаттамасы әзірленді, материалдарды ұсақтауға арналған диірменнің тәжірибелік үлгісі дайындалды.

2025 жыл

Жоспарланған: эксперименттік зерттеулер жүргізу, Scopus ғылыми-метрикалық базасында индекстелетін (перцентиль - кемінде 50) шетелдік ғылыми журналда мақала жариялау, уәкілетті орган ұсынған шетелдік немесе отандық рецензияланатын басылымда 2 мақала немесе шолу жариялау.

Жарияланымдар:

  • Baigereyev S.R. Guryanov G.A., Suleimenov A.D., Gabdyssalyk R. Approach for determination of geometric parameters of new oval design of rotor in innovative rotor-vibration type of mills / Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Техникалық ғылымдар және технологиялар сериясы. – 2024. - №4. – С. 76-90.
2026 жыл

Жоспарланған: Scopus ғылыми-метрикалық базасында индекстелетін (перцентиль - кемінде 50) шетелдік ғылыми журналда мақала жариялау, уәкілетті орган ұсынған шетелдік немесе отандық рецензияланатын басылымда 3 мақала немесе шолу жариялау, монография шығару, ұсақтау диірменін өндіріске енгізу актісін алу, материалдарды ұсақтаудың жаңа әдісінің экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау.

Инфографика