«Экосервис-С» ЖШС 2002 жылы Алматыда құрылған.
Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында, филиалдары Астана қаласында, Өскемен қаласында және өкілдігі Ақтөбе қаласында орналасқан.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары:
- табиғатты қорғауды жобалау және нормалау;
- экологиялық есептеулер саласында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
- аумақтарды радиометриялық бақылау;
- ғылыми және зерттеу қызметі;
- экологиялық аудит және сараптама;
- ақпараттық жүйелерді әзірлеу;
- автоматтандырылған өнеркәсіптік экологиялық мониторинг жүйесін құру;
- өнеркәсіптік және әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу;
- радиоактивті қалдықтарды қоса алғанда, қалдықтардың барлық түрлерін мониторингілеу, кәдеге жарату және аумақтарды рекультивациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
- әлеуметтік және табиғатты қорғау бағдарламаларын әзірлеу;
- топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;
- консалтингтік қызметтер.
Өскемен, Семей, Петропавловск, Астана, Қарағанды, Қостанай және Көкшетау қалаларының, Қазақстан Республикасының ауылдық әкімшілік аудандары мен округтерінің аумақтарының экологиялық паспорттарын жасау және енгізу, әдіснамасын әзірлеу жөніндегі жұмыстар компанияның ерекше мақтанышы болып табылады.
«Экосервис-С» ЖШС «Невская зертхана», «Химагрегат компаниялар тобы», «НаучПрибор» ЖАҚ сияқты жабдықтар мен аспаптардың ірі өндірушілерінің ресми және эксклюзивті өкілі болып табылады.
Компанияның тапсырыс берушілері мен клиенттері ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Қазатомпром» ҰАК, табиғи монополияларды реттеу Агенттігі, Қазақстан Республикасының түрлі салаларында өзінің шаруашылық қызметін жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік ұйымдар мен жеке кәсіпорындар болып табылады.
Жоғарыда аталған жұмыстардан басқа «Экосервис-С» ЖШС компаниясы ШҚО елді мекендеріндегі шағын өзендердің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобасын және Өскемен қаласы шегіндегі Ертіс және Үлбі өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобасын әзірледі, сондай-ақ Жамбыл облысында ҚТҚ кәдеге жарату үшін полигондар салуға арналған ҚТҚ және ЖСҚ басқарудың өңірлік ғылыми негізделген бағдарламасын әзірледі.
Мамандардың жоғары біліктілігі, ғылыми қызметкерлер мен техникалық мамандардың үлкен әлеуеті, жақсы материалдық-техникалық база «Экосервис-С» ЖШС-не қоршаған ортаны қорғау саласындағы күрделі және өзекті міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Жоғары білікті техникалық мамандар «Экосервис-С» ЖШС-нің Қазақстан нарығына ұсынатын жабдықтары бойынша кеңес бере алады.
«Экосервис-С» ЖШС штатында жоғары кәсіби мамандар жұмыс істейді: ғалымдар мен инженерлер, Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық Агенттіктің (АЭЖХА) сарапшысы, ЭТХҒА корреспондент-мүшесі, экологиялық аудит саласындағы аттестатталған мамандар.