Жобаның атауы: Жасанды интеллектті пайдалану негізде кәсіпорынның жұмыс үрдісін басқару жүйесін әзірлеу

Конкурс атауы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті неғұрлым перспективалы коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру

Жоба жетекшісінің ТАӘ регалияларымен: Рыскалиев Ержан Төлегенұлы, «Клокстер» ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры.

1. Жобаның зерттеу тобы (олардың сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері)

ТАӘ Жоба бойынша лауазымы Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері

1.

Рыскалиев Ержан Төлегенұлы

Ғылыми жетекші

 

2.

Сейфуллин Ануар Мұқатович

Коммерцияландыру бойынша маман

 

3.

Әбішев Темірлан Сайранұлы

Сатылымдар жөніндегі директор

 

4.

Ерназаров Арман Тілектесұлы

Өнім жөніндегі директор

 

5.

Рахимбаев Жантас Мәулетқалиұлы

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша маман

 

6.

Хасенова Зарина Төлеубекқызы

Жоба үйлестірушісі

Scopus Author ID = 57205141835,

https://orcid.org/0009-0001-1417-7793

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57205141835

 

2. Жобаның аңдатпасы (өзектілігі, мақсаты (250 сөзден аспауы тиіс))

Жоба «Клокстер» ЖШС-нің қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз ету модульдеріне жасанды интеллектіні қолдана отырып, кәсіпорынның жұмыс процестерін басқару жүйесін біріктіруге арналған. Бұл бастама бизнес-процестерді оңтайландыруға, тиімділікті арттыруға және негізгі операцияларды автоматтандыруға бағытталған.

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы мен деректер көлемінің өсуі жағдайында кәсіпорындар бизнес-процестердің тиімділігін арттыру үшін персоналды басқаруды автоматтандыру қажеттілігіне тап болуда. Жұмыс процестерін ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмей, жасанды интеллектіге негізделген интеллектуалды шешімдерге деген сұранысты арттыруда.

3. Мақсаты: ресурстарды максималды тиімділікке және оңтайлы пайдалануға қол жеткізу үшін жасанды интеллектті қолдану негізінде кәсіпорын менеджментінің басқару міндеттерін кешенді шешу.

4. Жобаның күтілетін нәтижелері және алынған нәтижелері:

Год

Зерттеу бойынша алынған нәтижелері.

Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат

2024 жыл

- талаптар жиналып, архитектурасы әзірленді;

- прототип жасалып, пайдаланушылармен өзара әрекеттесу алгоритмдері реттелді;

- интерфейс әзірленіп, ЖИ (жасанды интеллект) моделімен интеграция жасалды;

- жұмыс ауысымдарын болжау модулін жасауға дайындық жұмыстары жүргізілді;

- жабдық сатып алынды;

- Clockster жүйесі мен оның негізгі модульдері туралы бейнеролик дайындалды.

2025 жыл

Clockster жүйесі мен сыртқы жүйелердің деректер базасына негізделген жұмыс ауысымдарын болжауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің веб-нұсқасы, тестілеу хаттамасы, функционалы сипатталған бекітілген есеп, авторлық куәлік, ЖИ негізіндегі коммуникация модулі бойынша бекітілген есеп.

2026 жыл

Тапсырма менеджері модулінің нұсқасы (скриншоттар, демо-нұсқа), тестілеу хаттамасы, функционалы сипатталған бекітілген есеп, ЖИ негізіндегі жалақы есептеу модулінің нұсқасы.