ШҚТУ жоғары IT колледжінде қоғамда да, білім алушылар арасында да парасаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті дамытуға бағытталған "Саналы ұрпақ" сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы жұмыс істейді.
Клубтың негізгі міндеттері:
- білім алушылар мен педагогтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенділіктерін арттыру
- "Таза сессия" акцияларын ұйымдастыру және өткізу
- білім алушылардың да, оқытушылар құрамының да этикасын арттыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жастардың әлеуметтік бастамашыл жобаларын іске асыру негізінде қоғамдық қорлармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу;
- колледждің интернет-ресурсында клубтың "парақшасын" құру және дамыту, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде іс-шараларды белсенді түрде көрсету.
Колледждің барлық білім алушылары "Саналы ұрпақ" клубының мүшесі бола алады.
Жаңалықтар
12.02.2026



