Сәрсембаева Арайлы Әлібекқызы
Сәрсембаева А. Ә. - педагогика ғылымдарының кандидаты, «2019 жылдың үздік оқытушысы" атағының иегері.
1998 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Шет тілдер факультетінде «Шет тілдері» мамандығын тәмамдаған.
2020 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебінде "Менеджмент" мамандығын бітірген.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін "Шет тілдері" кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент болып жұмыс атқарды.
2008 жылы 13.00.08 – «Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша «Техникалық ЖОО студенттерінің жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл негізінде шет тілі бойынша өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады.
2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі БҒСҚК (ККСОН) доценті атағын алды.
2011 жылы Шет тілдері кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.
2020 жылы Гуманитарлық білім факультетінің деканы болып тағайындалды.
Ғылыми қызығушылық саласы: тау-кен-металлургия мамандықтарының бейіні бойынша шет тілдерін кәсіптік – бағдарланған оқыту (2015-2017 жж.), Қазақстанның жоғары оқу орындарына үштілділікті енгізу (2015-2019 жж.), «студент-университет-сыртқы білім беру ортасы» жүйесінде бейресми білім беру (2023-2025 жж.); кәсіби-бағдарланған ғылыми-теориялық және ресурстық-практикалық шет тілдерін оқыту.
Халықаралық тағылымдамалар: 2011 және 2018 жылдары – Дрезден техникалық университеті және Берлин техникалық университеті «жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушыларына арналған зерттеу тағылымдамасы» бағдарламасы бойынша ДААД ғылыми тағылымдамалары; 2008 жылдан бастап Гете институтының Германия, Австрия және Швейцариядағы халықаралық семинарларының және 2009 жылдан бастап – шет тілдері оқытушыларының халықаралық форумының тұрақты қатысушысы.
145-тен астам ғылыми жарияланған ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 10 монографияның авторы.