Инженерия мектебі

  Мәтінді оқу  

Инженерия мектебі 2019 жылдың 01 қарашасынан Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инновациялық-кәсіпкерлік университетке  трансформациялау бойынша 2018-2021 жылдарға стратегиялық даму Бағдарламасына сәйкес университет құрылымдарын  оңтайландыру нәтижесінде құрылды.

Жаңа мектептің аты абитуриенттерге ұсынылатын оқу бағдарламаларының көпшілігі «Инженерия және инженерлік іс» білім беру бағдарламаларының тобына топтасуын ескере отырып қойылған, өйткені инженерия – ғылыми-техникалық қызметтің бір саласына жата отырып, өзінің құрамына бірнеше арнайы аймақтар мен пәндерді біріктіруі негізінде, іргелі ғылым мен қолданбалы зерттеулердің негізгі постулаттарына сүйене келе ғылыми және практикалық білімдерді іс-тәжірибеде қолдануға бағытталған.

Студенттердің кәсіби дайындығын жоғары дәрежелі 77-ден аса профессорлық-оқытушылар құрамы жүргізеді, олардың ішінде 38-і ғылым докторы мен кандидаттары, 26-сы магистр дәрежесінде.

Мектеп 15 бакалавр мамандығын, 15 магистратура мамандығын және докторантура бойынша 4 мамандықты дайындайды.

Инженерия мектебінің күндізгі оқыту және қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Көптілдік топтарда пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.